- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Түнімен көрпенің астында...
"Түнімен көрпенің астында жылаған кезім де болды". Құралай Бекжановаға жас кезінде "бедеулік" диагнозы қойылған
Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар 15 мамырда - халықаралық отбасы күніне орай ән кешін өткізді. Кеш барысында әнші үйленген кезде жұбайы Құралайға ауыр диагноз қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым әлеуметтік желідегі парақшасында Мирас пен Құралай Бекжановтардың жеке ән кешінен үзінді кадрларды жариялады.
"Үйленген соң, Құралайға: "Сіз ешқашан балалы бола алмайсыз!" - деп диагноз қойылғанда, Алладан үміттерін үзбей, ата-аналарының қолдауымен, ұстаған қолдарын ажыратпай, бүгін ширек ғасыр бірге тұрып, көп балалы ата-ана болған Мирас пен Құралай жұбындағы - Мирас ердің жасы 50 ге толды!
Отбасы күніне орай өткен концерт өте әсерлі, әдемі өтті. Мәдени демалысымыздың соңы, ұлан-асыр тойға ұласып, үлглі отбасының қуанышына куә болып қайттық!
Ене сыйлау, ер азаматты қадірлеуді Құралайдан үйрену керек! Өнері мен үй-ішін бірге алып жүріп, 25 жыл енесімен ішшәй деспей тұруды айтсайшы.
Концертте Димаштың ата-анасы ән шырқап, отбасылық бақыт пен берекенің әдемі үлгісін көрсетті.
Жарқырап жайнай беріңдер Қазақ өнерінің жарасымды жұптары", - деп жазған ол.
Ал блогер жүктеген видеода Мирас Бекжанов отбасына төнген қиын-қыстау заманда басынан өткен күндерін айтып берді.
"Маған "дені сау қызға үйлен, үбірлі-шүбірлі бол, ол саған ұл-қыз туып береді" деді. Сонда мен не айтарымды білмей, түнімен көрпенің астында жылаған кездеріміз де болды. Бәрі кеше ғана болған сияқты, бірақ қазір қарасақ, 24 жыл өтіп кетіпті. Шүкір, алланың қалауымен қазір 3 қызымыз, 1 ұлымыз бар", - дейді өнер иесі видеода.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ өмірінде әскери дәстүрлер қандай рөл атқарды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә