Депрессия - кең тараған психикалық бұзылыс. Ол ұзақ уақыт бойы көңіл күйдің болмауымен, күнделікті әрекеттерге қызығушылықтың жоғалуымен және олардан ләззат ала алмаумен сипатталады. Депрессияның негізгі белгілері қандай?
Депрессия адам өмірінің барлық саласына, соның ішінде отбасымен, достарымен және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Депрессия кез келген адамда пайда болуы мүмкін. Десе де, оған жиі зорлық-зомбылық көрген, жақынынан айырылған немесе күйзеліс тудыратын басқа да жағдайлардан өткен адамдар шалдығады. Депрессиямен ерлерге қарағанда әйелдер жиі қиналады.
Депрессияны мына белгілерден анықтауға болады:
Сондай-ақ депрессия мынадай физикалық белгілер беруі мүмкін:
Депрессияны тек дәрігер анықтай алады. Дәрігер науқасқа дұрыс диагноз қойып, сәйкес ем жазып беру арқылы оның толыққанды өмір сүруіне көмектесе алады. Депрессия медикаментозды ем қабылдау, психотерапия және өмір салтын өзгерту арқылы емделеді.
Оқи отырыңыз: Жасөспірімдер не үшін суицидке барады? Психиатр жауап берді