Тунистегі қазақ бапкері ұлттық құраманы жаттықтыратын болды

Париж Олимпиадасына Тунис құрамасын бастап барып, жоғары нәтижеге қол жеткізген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов енді Қазақстан құрамасын жаттықтырады, - деп хабарлайды massaget.kz

Журналист Аслан Қаженов жазғандай, Есбол елге келіп, ұлттық құрама тізгінін ұстайды. 

Бұған дейін ол Париж олимпиадасында таэквондодан Тунис құрамасын дайындап, 1 алтын, 1 қола жеңіп алған еді. Енді Есбол елге оралып, қазақстандық қыз-жігіттерді жаттықтыратын болды, - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов былтыр 2024 жылдың "Үздік бапкері" атанды. Бұл марапатты оған World Taekwondo федерациясы табыстаған болатын.