Жүктіліктің 38-ші аптасында тұңғышын жоғалтқан әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Almaty.tv"-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Макинск қаласында болды. 23 жастағы жергілікті тұрғын тұңғышын асыға күткен. Жоспар бойынша тамыз айында босану керек болатын. Бірақ 10 күн бұрын әйел ішінің ауыруына байланысты ауруханаға түседі. Ол шұғыл түрде кесарь тілігі арқылы босанды, бірақ баланы құтқара алмаған. Қан кете бастаған науқасты құтқару үшін тағы бір операция жасалды.
Баланың өмірі бірнеше минут ішінде үзіліп кетті. Оның не үшін болғанын ешкім айтпаған. Босанған әйелдің анасының айтуынша, жүкті әйел дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаған: таблеткаларды ішіп, уақытында қаралып жүрген.
"Біз немеремізді жерледік, бала 2400 кг болып дүниеге келді. Ешкім не болғанын айтпайды. Барлығы әртүрлі сөйлейді. Кейбіреулер қысым көтерілді, басқалары ұрықжолдасы кетіп қалды дейді. Мен өзім гипертоникпін. Дәрігерлер қызымның қан қысымының жоғары екенін біле тұра, неге оны апта сайын тексермеді?" - дейді Макинск қаласының тұрғыны Алена.
Дәрігерлердің айтуынша, олар ұрықтың өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сараптама қорытындысын күтіп отыр.
"Ұрықтың антенатальды өлімі. Аздап қан жоғалту болды, бірақ кейін біз оның жағдайының нашарлауын ескере отырып, санавиацияны шақырдық. Көкшетаудан, облыстық ауруханадан мамандар келіп, ота жасады. Бір күннен кейін олар оны өздеріне алып кетті. Қазір ол реанимацияда, ауыр жағдайдан шықты", - деді Бұланды аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанат Мусин.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тергеу басталды.
"Науқас Бұланды аудандық ауруханасында диспансерлік есепте тұр және клиникалық хаттамаға сәйкес тексеруден өтті. Ұрықтың антенатальды өлімі расталды. Операцияны Бұланды аудандық ауруханасының дәрігерлер бригадасы жүргізді. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр және ол аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Камила Абдельманова.
Қыздың туыстары іс созылып кетуі мүмкін деп қорқады. Туылмаған баланың өлімінің нақты себебін білу үшін олар Ақмола облысының прокуратурасына жүгінді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!