- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұңғыш Президент күніне...
Тұңғыш Президент күніне орай елордада тегін экскурсия жүргізіледі
30 қараша-1 желтоқсан аралығында Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екі қабатты экскурсиялық автобустарымен елорданың көрікті орындарын тамашалауға мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "Астана-Бәйтерек" монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Автобустардың қозғалыс кестесі:
"AiLand" аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (орыс тілінде);
- сағ. 12.10 (қазақ тілінде);
- сағ. 14.30 (орыс тілінде);
- сағ. 16.40 (қазақ тілінде);
- сағ. 18.50 (орыс тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық Музей, "Астана Бәйтерек" монументі және "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.
"Астана Бәйтерек" монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 12.40 (орыс тілінде);
- сағ. 15.00 (қазақ тілінде);
- сағ. 17.10 (орыс тілінде);
- сағ. 19.20 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы. "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық Музей және "Астана Бәйтерек" монументі.
А. Қажиев