- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұңғыш Президент кеңсесі...
Тұңғыш Президент кеңсесі жұмысын тоқтататын болды
Фото:
elbasylibrary.gov.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі қайта құрылымдалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің айтуынша, ол жақын арада жұмысын тоқтатады.
"Қазір кеңседе қайта құрылымдау жүріп жатыр. Кейбір адамдар басқа ұйымдарға ауысады, кейбірі қысқартылады. Ондай кеңсе болмайды. Ол қайта құрылымдау сатысында. Бұл мәселе бір жарым айдың ішінде шешіледі деп ойлаймын", - деді Жамаубаев.
Шенеуніктің айтуынша, кенсені тарату нәтижесінде жыл сайын 2-3 миллиард бюджеттік теңге үнемделеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан