- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тұңғыш немере". Ерке...
"Тұңғыш немере". Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты
Еске Есмахан екінші рет босанғаннан кейінгі жағдайын бөлісті. Ол бұл туралы Желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші жағдайының бірқалыпты екенін, әлі перзентханадан шықпағанын жеткізді.
"Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр.
Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар, ол ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі екенін де айтты.
"Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі", - деді Ерке Есмахан.
Әншінің айтуынша, күйеуі Райымбек ұлының жанынан шықпай, асты-үстіне түсіп жатыр.
"Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп жүрген кім екенін байқаған шығарсыздар, иә?
Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатыр", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Raim мен Ерке Есмахан ата-ана атанғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көлік сатып аларда қалай тексеру керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә