Түнгі серуенге шыққан өскемендік ару айыппұл арқалады

Өскемен қаласының тұрғыны қос тұтас жолақтың бойымен серуендеген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жол ортасында жүргенін видеоға түсіріп, Instagram-парақшасында жариялаған. Видеоны желі қолданушылары ШҚО Полиция департаментіне жіберген. 

Полицейлер жол жүрісі қағидасын бұзған Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!