Дәрігер түнгі жөтелдің қаупін ескертті. Терапевт Татьяна Терехованың сөзінше, түнде пайда болатын жөтел өлімге әкеп соғатын аурулардың дамуын көрсетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.
Терехова кейбір жағдайларда түнде пайда болатын жөтел жүрек-қан тамырлары ауруларын көрсетуі де мүмкін екенін айтты. Бұл жағдайда симптом ентігу және жүрек соғуы түрінде пайда болады. Кейде жөтел ас қорыту жүйесінің аурулары, аллергия, демікпе және кейбір қатерлі ісіктердің де көрінісі болуы мүмкін.
Дәрігердің айтуынша, түнгі жөтелді елемеуге болмайды. Ол пайда болған кезде дереу терапевтен кеңес алу керек.
Сонымен қатар, Терехова кейде жөтел түнде басқа себептермен де пайда болатынын айтты.
"Бұл жедел респираторлық ауруларға да байланысты болуы мүмкін. Түнгі уақытта, дене тынышталған кезде, қақырық аз ериді және шықпайды, ал бұл жөтелді күшейтеді. Біз ұйықтайтын бөлмедегі микроклимат та маңызды роль атқарады. Тым құрғақ ауа тыныс алу жолдарының тітіркенуін тудыруы мүмкін, нәтижесінде жөтел пайда болады", - деп түсіндірді ол.
Еске салайық, бұған дейін жөтел мазалағанда қандай шай ішкен пайдалы екені айтылды.
Дегемен қандай да бір шай түрін ішпес бұрын оның нұсқаулығымен танысып, қарсы көрсетілім бар-жоғын біліп алған жөн.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!