Түнде тыныштықты бұзғаны үшін қанша теңге айыппұл салынады?

Қазақстанда түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін айтарлықтай айыппұл қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Жұмыс күндері сағат 22:00-ден кейін және демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін шулауға тыйым салынады, бірақ бәрі бірдей бұл ережелерді сақтамайды. Мысалы бір ғана Батыс Қазақстан облысында 2024 жылы тыныштықты бұзғаны үшін 3 074 адамға айыппұл салынған.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес адамдардың тыныштығына кедергі келтіретін кез келген шу құқықбұзушылық болып саналады", - деді полиция.

Тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар:

  • жеке тұлғаға 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге);
  • шағын кәсіпкерлік иелеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге);
  • орта кәсіпкерлерге 30 АЕК (2025 жылы 117 960 теңге);
  • ірі кәсіпкерлік иелеріне 100 АЕК (2025 жылы 393 200 теңге).

Егер бұл бір жыл ішінде қайталанса, айыппұлдар көбейеді:

  • жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес үшін екі есе.
  • ірі бизнес үшін 150 АЕК-ге дейін (2025 жылы 589 800 теңге).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!