- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- диетолог кеңесі
Түнде тамақ жеу расымен зиян ба? Диетолог жауап берді
Ресейлік эндокринолог және диетолог Антон Поляков түнде тамақ ішудің адам ағзасына қандай әсер беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Асқорыту мәселелері туындамас үшін ұйқыға жатар алдында кемі үш сағат бұрын кешкі ас ішу керек дейді маман. Сондай-ақ түнде асқорыту жүйесі күндізгіге қарағанда нашар жұмыс істейтінін атап өтті.
"Адамдар әдетте тәбеті түнде ашылып, кейбір майлы, тәтті, ащы тағамдарды жеп қояды. Бұл түнде қалыпты түрде қорытылмайды. Біріншіден, бұл асқазан-ішек жолындағы жүктемені арттырады, ал екіншіден, ішектегі микрофлораның бұзылуына, ұйқы безінің шамадан тыс жүктелуіне және панкреатиттің дамуына себеп болуы мүмкін", - деп түсіндірді Поляков.
Сонымен қатар дәрігер егер адам көмірсуы көп тағамдарды (мысалы, тәттілерді) көп жесе түнде оянуға және адамның жүрек соғысының артуына әкеп соғатын көп адреналин шығарады. Диетолог кешкі асты ұйықтағанға дейін үш сағат бұрын ішуді және күндізгі соңғы тағамды жоспарлау кезінде жануарлардың ақуызына - ет, балық, құс еті, теңіз өнімдеріне, сондай-ақ крахмалды емес көкөністерге - қызанақ, қиярға назар аударуды ұсынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин