Әлеуметтік желіде жолда жүру жылдамдығына қатысты фейк тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде "сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны" жөнінде ақпарат тарап жатыр.
ІІМ пікірінше, тарап жатқан хабарлама - фейк.
"Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген стандарт жылдамдық - 60 шақ/сағат. Камералар жылдамдықты 70 шақ/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол ережелерін сақтап, мұқият болыңыздар!" - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!