Түнде Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
11 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 02:30-да Қырғызстан аумағында 4,4 балдық жер сілкінісі болды.
Магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісінің ошағы Талды-Суу ауылынан оңтүстікке қарай 9 шақырым және Нарын қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 шақырым жерде болған.
Жерасты дүмпуі Озгоруш, Талды-Суу және Первомайск ауылдарында 3 балл болып сезілді.
Айта кетейік, 25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінді. Сондай-ақ 28 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:31-де Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:
Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!