Талдықорғанда түнгі уақытта дрифт жасап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзған 21 жастағы жүргізуші полиция назарына ілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Балапанова көшесінде болған. Полиция мәліметінше, Mercedes-Benz көлігін басқарған жүргізуші дрифт жасап, қатты шу шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзған.
Құқық қорғау органдары мұндай әрекет тұрғындарға қолайсыздық тудырып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілерге де қауіп төндіретінін атап өтті.
Оқиға бойынша қажетті материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция жүргізушілерге қала көшелерінде дрифт жасау жол апатына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қауіпті әрекет екенін ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz