Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында жағдай тұрақталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде елді мекендегі қорғаныс бөгетін су шайған еді.
"Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылды. Олар - Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жол төсемінің бойында ұзындығы 800 метр және биіктігі шамамен 1,5 метр бөгет тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында сирена қосылып, халықты толық эвакуациялау басталғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!