Сағат 00:45-те Алматыдан 261 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның деректеріне сілтеме жасап.
"Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 00:45-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.9. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 15 шақырым.
Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәліметтер түскен жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!