Үшінші сәбиін босанып, оранған актриса Жанель Мақажан біршама уақыттан кейін сахнаға қайта оралды. Бұл туралы өнер иесінің жолдасы Абай Асылхан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай Асылханның айтуынша, актриса Шымкентте өткен әйелдерге арналған форумда спикер ретінде шыққан.
"Сахнаға қайта оралуыңмен Аманатым.
Аманатым орамалға келгелі және декретке шыққалы, үлкен сахнаға шықпады. Кеше Шымкент қаласында өткен, әйелдерге арналған форумда, спикер болып шықты.
- Үлкен паузадан кейін қобалжу болды ма?
- Ещё как! Түні бойы ұйықтамай дайындалып, уайымдап шықтық, қалай болады деп.Бірақ, сахнаға шыққаннан кейін, барлық керек сөздер шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді! Бұл форум Қазақстанның барлық қалаларында болады, сол себепті келіңіздер көріңіздер, спикерлердің құрамы өөөте мықты!
Сәнім, сенің қолыңнан барлығы келеді, бұл бастама, мен сенің қасыңдамын, қорғаймын, демеймін, қолдаймын, жақсы көремін! Жарқыра, менің Жұлдызым!" - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін өзінен сегіз жас кіші актерға тұрмысқа шыққан Жанель Мақажан ерекше жаңалығын бөліскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Жеті жарғыда» кісі өлтіргендерге қандай жаза қарастырылды? Ұрлық жасағандар қалай жазаланды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!