- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тұмсықтыға шоқтырмайтын мен...
"Тұмсықтыға шоқтырмайтын мен бармын". Гүлзира Айдарбекова ұлына әсерлі жазба арнады
Фото:
Instagram
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа арнап, әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ұлының артында қолдайтын халық бар екенін жеткізген. Сондай-ақ, өзінің де тұмсықтыға шоқтырмайтынын, қанаттыға қақтырмайтынын айтқан.
"Қашан да қолдап қорғап жүрген, мінекей, махаббатына бөлеген қаншама артыңда халқың бар, бақыттысың, ұлым! Еңбегің еселене берсін! "Тұмсықтыға шоқтырмайтын, қанаттыға қақтырмайтын мен де бармын" деп жазып кетсем қалай болады өзі", - дейді ол Желіде.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Болат Назарбаевтың тоқалының мәлімдемесіне пікір білдірген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова