- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тұмшаның себебі ЖЭО...
"Тұмшаның себебі ЖЭО емес". Эколог Мэлс Елеусізов Алматыдағы лас ауаның қайдан шығатынын түсіндірді
Танымал саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов "Ashyq podcast" Youtube-арнасына берген сұхбатында Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экологтың айтуынша, қаладағы тұмшаның себебі ЖЭО емес, көліктер.
"Бауыржан Байбек сұмырай ғой. Алматыдағы ең жақсы транспорт - трамвай. Қазір Алматыны тұмша (смог) басқан дейді. Оның себебі ЖЭО емес. Егер тау жақтан қарасаң, ЖЭО-дан шығатын түтін қаланың ішіне кірмей, шетпен кетеді, мұның бәрі Кеңес үкіметі кезінде ойланып жасалынған дүние. Алматыны тұмша басып отырғанынының себебі - көлік. Алматыға күніне 1 миллион 700 мың көлік келеді, әр көлік иесі екі жылда бір рет дөңгелектерін ауыстырады, өйткені оның резеңкесі қажалып кетеді. Ол резеңке аспанға ұшпайды, керісінше, жерде жатады. Қар, жаңбыр жауғанда кішкене болсын ауа тазаланады, ал қалған уақытта бәрі өкпеге кіріп, адам улана береді. Бензин деген жаман зат, барлық ауру осыдан шығып жатыр. Мұны да ешкім зерттеп жатқан жоқ, газ трамвайды қайта қайтарып, Байбекке үкім шығару керек", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Мұнда тұруға болмайды". Мэлс Елеусізов Алматыда 12 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Майсана майы шаштың түсуін тоқтата ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә