Дәрігерлер тұмаудың беті қайтқанда өзін жақсы сезіну және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасау қажет 5 әрекетті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі HuffPost-қа сілтеме жасап.
Дәрігерлер бұл әрекеттерді әдетте өздері тұмаумен ауырғаннан кейін істейтінін алға тартты.
Симптомдарыңыз жақсарғанша және температура кем дегенде 24 сағат бойы көмексіз қалыпқа келгенше басқа адамдардан аулақ болуыңыз керек.
Егер үйде қалып, жұмыс істемеу мүмкін болмаса немесе үйіңіздегі адамдарға күтім жасау қажет болса, ал сіз әлі де ауырып тұрсаңыз, әсіресе жөтел мен температура болса маска кию керек. Бұл, әсіресе, жөтел мен температура болса.
Сіздің тұмаумен ауырып жатқаныңыз сізді өзге аурудан қорғайды деген сөз емес. Өзіңізді басқа аурулардан қорғау үшін жуылмаған қолды мұрныңызға, көзіңізге немесе аузыңызға тигізбеуге тырысыңыз.
"Егер сіз вакцинациядан кейін тұмаумен ауырсаңыз, одан жеңіл жазылып, ауруханаға түспеу немесе қатты ауырмау ықтималдығы жоғары", - дейді дәрігерлер.
Немен ауырып жатқаныңызды білу маңызды көрінбеуі мүмкін, бірақ сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. Мәселен, дәрігеріңіз сіздің немен ауыратыныңызды білсе, сізді тезірек жақсы сезінуге көмектесетін нақты қадамдар жасай алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!