Тұмаудың беті қайтқанда не істеу керек? Дәрігер кеңесі

Тұмаудың беті қайтқанда не істеу керек? Дәрігер кеңесі
Фото: depositphotos.com

Дәрігерлер тұмаудың беті қайтқанда өзін жақсы сезіну және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасау қажет 5 әрекетті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  HuffPost-қа сілтеме жасап.

Дәрігерлер бұл әрекеттерді әдетте өздері тұмаумен ауырғаннан кейін істейтінін алға тартты.

Дәрігерлерден 5 кеңес

Олар әдеттегі өмірге оралмас бұрын аурудан шынымен жазылғанына көз жеткізеді.

Симптомдарыңыз жақсарғанша және температура кем дегенде 24 сағат бойы көмексіз қалыпқа келгенше басқа адамдардан аулақ болуыңыз керек.

Егер оларда әлі де белгілер болса және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау керек болса, олар маска киеді.

Егер үйде қалып, жұмыс істемеу мүмкін болмаса немесе үйіңіздегі адамдарға күтім жасау қажет болса, ал сіз әлі де ауырып тұрсаңыз, әсіресе жөтел мен температура болса маска кию керек. Бұл, әсіресе, жөтел мен температура болса.

Олар басқа вирустардан қорғану үшін сақтық шараларын қолданады.

Сіздің тұмаумен ауырып жатқаныңыз сізді өзге аурудан қорғайды деген сөз емес. Өзіңізді басқа аурулардан қорғау үшін жуылмаған қолды мұрныңызға, көзіңізге немесе аузыңызға тигізбеуге тырысыңыз.

Олар міндетті түрде тұмауға қарсы екпе алады.

"Егер сіз вакцинациядан кейін тұмаумен ауырсаңыз, одан жеңіл жазылып, ауруханаға түспеу немесе қатты ауырмау ықтималдығы жоғары", - дейді дәрігерлер.

Олар ауруын дұрыс емдеу үшін сынақтан өтеді.

Немен ауырып жатқаныңызды білу маңызды көрінбеуі мүмкін, бірақ сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. Мәселен, дәрігеріңіз сіздің немен ауыратыныңызды білсе, сізді тезірек жақсы сезінуге көмектесетін нақты қадамдар жасай алады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget