- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұмаудың алғашқы белгілері...
Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде қалай емделу керек?
Жаңа жылдың алдында ешкім ауырып қалғысы келмейді, бірақ вирустардан "тығылып қалу" мүмкін емес. Ендеше тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде жылдам жазылу үшін не істеу керек?
Физикалық белсенділікті алып тастаңыз
Көпшілік адам тұмаудың алғашқы белгілерін сезсе де, жұмысқа барады немесе физикалық белсенділікті жалғастырады. Мысалы, тұмау басталайын деп тұрғанын сезіп тұрса да, жаттығу залына баратын адамдар бар. Алайда мұндай кезде ең болмағанда алғашқы екі күн төсек режимін сақтаған жөн. Ары қарай хал-жағдайыңызға қарай әрекет етесіз.
Температураны бақылаңыз
Дене температурасын бақылап отырыңыз. Егер ол 39 градустан көтерілсе және ол бірнеше күн бойы сақталса, жедел жәрдем шақырыңыз. Дәрігер сіздегі белгілерге қарап, сәйкес ем жазып береді. Өздігінен емделмеңіз. Себебі ол тұмау емес, басқа да ауру белгілері болуы немесе асқынып кетуі мүмкін.
Сұйықтық көп ішіңіз
Егер қарсы көрсетілім болмаса, тәулігіне екі-үш литрден аз емес сұйықтық ішіңіз. Ол таза су немесе жидек морсы болуы мүмкін. Сондай-ақ қою емес шайлар және компот ішуге болады. Сұйықтықтың ыстық та, суық та болмағаны жақсы. Оларды жылы күйінде ішуге тырысыңыз.
Диета сақтаңыз
Ауыр, майлы және қуырылған тамақтар жемеңіз. Ағзаңызға оңай сіңетін тағамдар жеген жөн. Мысалы: сорпа, суға піскен ет, балық және т.б. Маусымдық көкөністер мен жемістерге мән беріңіз.
Оқи отырыңыз: Гонконг тұмауының белгілері қандай?
А. Жапатова