Күз - денсаулық үшін жыл мезгіліндегі қауіпті кезең, себебі күн суи бастайды, иммун жүйесі әлсірей береді. Күз бен қыс мезгілін "тұмау маусымы" деп бекер айтпаса керек. Дәрігерлер, жұқпалы ауру жөніндегі мамандар мен эпидемиологтардың айтуынша, ауа температурасының төмендеуі тұмау мен ЖРВИ жұғуына әкелуі мүмкін. Инфекционист Шолпан Садықова күн суығанда жұқпалы ауруға шалдығудың алдын алу жолдары туралы айтып берді.
Дәрігер жедел респираторлы вирус инфекциялары ішінде тұмаудан басқа да түрлері жиі таралатынын айтты.
"Жыл сайын күз бен қыста, яғни суық бола бастаған кезде тыныс алу вирустары, оның ішінде тұмау белсенді бола бастайды. Вирустар адамнан адамға ауа тамшылары, сілекей, жөтелу, түшкіру, қолдағы кір мен тұрмыстық заттар арқылы жұғады. ЖРВИ ішінде тұмаудан басқа, парагрипп, адено-респираторлы, респиратор-синцитиальды инфекциялар жиі тіркеледі. Тыныс алу жолдарының инфекциясы әдетте күздің аяғында пайда болады", - дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, тұмау белгілері бәріне мәлім.
"Тұмаудың инкубация кезеңі 4-12 сағаттан 2-3 күнге дейін созылуы мүмкін. Тұмау және басқа тыныс жолдарының инфекцияларына жалпы интоксикация синдромы және тыныс жолдарының зақымдануы, яғни катаральды синдром тән. Тұмау мен ЖРВИ белгілері бәріне белгілі. Бұл - дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, миалгия, яғни бұлшықет ауруы, бас ауруы, мұрын бітелуі, тамақ ауруы, жөтел. Тыныс алу жолдарының инфекцияларының салдары түрлі болуы мүмкін, бірақ инфекция, әсіресе, егде жастағы науқастарда және созылмалы аурулары бар адамдарда ауыр таралуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек", - дейді ол.
Шолпан Садықова ағзаны иммундау түрлі вирус ауруларын жұқтырудың алдын алу жолы екенін, қандай екпе алу керегін айтты.
"Халықты екпе алуға шақыру, тұмау мен коронавирусқа қарсы иммундау - қандай да бір ауру жұқтырудың алдын алу. Медицина вирусологиясында 200-ден аса вирус бар, бірақ олардан вакцина жоқ. Екпе алу, әсіресе, балалар, жүкті әйелдер мен егде жастағы адамдар, зейнеткерлерге ұсынылады, өйткені олар тұмаудан баяу сауығады. Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға пневмония вирус инфекцияларының асқынуын ескере отырып, пневмококк инфекциясына қарсы екпе алу ұсынылады, пневмония - әлемде тыныс алу органдарының ауруларына байланысты өлімнің негізгі себептерінің бірі. Сондай-ақ, Сovid 19-ды жұқтырғандардың едәуір бөлігі ауруға тез шалдығады, себебі иммун жүйелері айтарлықтай әлсірейді", - дейді Шолпан Садықова.
Вирустарға қарсы антибиотиктерден басқа түрлі препараттар бар, ал кейбірін, тіпті дәрігер рецептінсіз бере береді. Мұндай препараттар иммун жүйесін көтеріп қана қоймай, аурудан сауығуға көмектеседі.
"Егер ағзаны дәрі-дәрмекпен емдеу туралы айтатын болсақ, онда вирус инфекцияларын бактерияға қарсы препараттармен емес, таблеткалар, капсулалар, ұнтақтар түрінде қолжетімді вирусқа қарсы препараттармен емдеу ұсынылады. Балалар үшін сироп, суспензиялар, тамшылар бар, олар қабылдауға ыңғайлы. Бұлардың антибиотиктерден айырмашылығы дәрігердің рецептінсіз сатылады, бірақ сонда да дәрігердің ұсынысына назар аудару қажет. Вирусқа қарсы қандай препараттар бар? Бұл - эргоферон, ингавирин, кагоцел, анаферон. Бұл препараттар - организм иммуномодуляторлары", - дейді дәрігер.
Ауру кезінде немесе оның алдын алуда дәрілерден басқа тамақтануға да назар аудару қажет. Дәрігер рационды дұрыстап, пайдалы тағамды қажет мөлшерде жеу керек дейді.
"Күз бен қысқы уақытта да тамақтануға ерекше көңіл бөлу керек, үйлесімді тағам рационын құру қажет. Әсіресе аскорбин қышқылы бар өнімдерді пайдалану қажет. Мысалы, көкөністер, жидектер, жемістер, ашытылған қырыққабат, цитрус, мүкжидек, қарақат, итмұрын. Сондай-ақ, ақуыздың жеткілікті болуы маңызды, өйткені ақуыз иммун жасушаларының құрылыс материалы ретінде қызмет етеді, сондықтан ет, балық, сүт өнімдерінің жеткілікті мөлшерде болуы маңызды", - дейді инфекционист.
Бұдан басқа, дәрігер спортпен шұғылданудың маңызын айтты. Бұл да түрлі ауруға шалдығудан қорғайды.
"Спортпен шұғылдану да маңызды. Ол қанды оттегі алмасумен қамтамасыз етеді, гемодинамиканы жеделдетеді, ағзадағы қан айналымын жақсартады. Мұның бәрі иммун жүйе жасушаларының тиімділігін ынталандырады. Микробқа қарсы әсері бар өнімдер - сарымсақ, зімбір, пияз, сондай-ақ, итмұрын, эхинацея, шалфей, лимон бальзамы сияқты ағзаға жағымды әсер ететін өсімдіктер сияқты дәстүрлі ем әдістерін қолдануға болады. Әрине, тыныс жолдарының инфекцияларының алдын алуда иммун жүйесін нығайтуда жұмыс пен демалыс режимін сақтау маңызды", - дейді Шолпан Садықова.
Сондай-ақ, Шолпан Садықова ауру пайда болған жағдайда не істеу керегін айтты.
"Егер адам ауырып қалса, дене қызуы, әлсіздік, жөтел сынды алғашқы белгілер пайда болса, бірден өз-өзіңізді оқшаулау ұсынылады. Басқа адамдарға вирус жұқтырмас үшін, жұмысқа бармай, үйде отырып, балаларды балабақшаға, мектепке жібермеу керек. Қандай да бір физикалық белсенділікті шектеу керек, өйткені ағза әлсірегенде бактерия инфекциялары да пайда болуы мүмкін", - дейді дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін суық кезде ауырмау үшін не жеу керегі туралы материал жариялаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!