- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тұмау деп жүре...
"Тұмау деп жүре берген". Жамбылдық дәрігерлер бауырдағы 6 келі қатерлі ісікті алып тастады
Жамбылдық дәрігерлер бауырдағы 6 келі қатерлі ісікті алып тастады. Күрделі ота 5 сағатқа созылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Дәрігерлер "тұрғын сәл кешіккенде аман алып қалу мүмкін болмас еді" дейді. Бауырдың 90 пайызына жайылып үлгерген ісікті көрген хирургтардың өзі аң-таң. Себебі ісік көлемі 35 сантиметрге жеткен. Соның салдарынан меркілік 62 жастағы тұрғынның іші ісіп, жүруі қиындап, дем ала алмайтын жағдайға жеткен.
Науқас дертін тұмау деп ойлап жүре берген. Жедел жәрдеммен дәрігерлердің алдына келгенде, өміріне қауіп төнгенін аңғарған. Дегенмен мамандар заманауи құрылғылардың көмегімен бауырдан ісікті қан шығармай алып шықты. Қазір тұрғынның жағдайы жақсы.
"Ота жасалды, 3 күннен кейін аяққа тұрдым. Қорықтым, қан қысымы көтерілді. "Аман қаламын ба?" деген ой да мазалады", - деді Меркі ауданының тұрғыны Гүлнәр Бақбергенова.
"Ота сәтті өтті. Ешқандай метастаз жоқ, химия алмайды. Науқас таргеттік терапия алды", - деді Көпбейінді онкология және хирургия орталығының бөлім меңгерушісі Ерасыл Арапов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан