Тұмау вирусының тарау ықтималдығы COVID-19-ға қарағанда жоғары, тұмау эпидемиясы өршуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Тұмау коронавирус инфекциясынан гөрі ауыр өтуі мүмкін", - Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясының вирусология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Елена Малинникова
Ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, вирусологтар, бактериологтар, инфекционистер қауымдастығы тұмаудың жасырын қаупі туралы ескертетінін айтты.
"Қазір вирустың антиген құрылымының өзгеруінен қорқамыз, бұл негізінен A тұмауының вирусына қатысты, сондықтан індет болуы мүмкін", - деді Малинникова.