Қазгидромет 3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болып, тұман түсіп, үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 23 м/с дейін барады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, аймақтың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел ұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан тұрады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында түнде 1 градус үсік жүреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!