- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұман түсіп, жел...
Тұман түсіп, жел күшейеді: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер 15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының түнде солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16-17 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Түнде 15-17 қазанда облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан