Тұман, көктайғақ, жаңбыр және қар: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, ертең, 3 қарашада еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын, ал кей өңірде екпіні күшті жел соғып, нөсер жаңбыр мен қар жауатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз