Синоптиктердің болжамынша, ертең, 27 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, Жарма ауданында 23-28 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысынык солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!