"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 14 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамына қарағанда, кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, ал енді бір өңірлерде екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні - 23 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман.
Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!