Синоптиктер 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін ел аумағында атмосфералық фронттар жүріп өтіп, Қазақстанның батысы мен шығысында, солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейіп, елдің шығысында бұрқасын көтеріледі.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -13 -15 градус, күндіз -7-9 градус болады.
Алматы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6 градус, күндіз +5+7 градус болады.
Шымкентте ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +10+12 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!