"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8 қарашада елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың таулы аудандарында кей уақытта 23 м/с.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз