Тұман, жаяу бұрқасын, екпіні күшті жел: төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Тұман, жаяу бұрқасын, екпіні күшті жел: төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: inbusiness

Синоптиктер 7 наурызда төрт өңірде жаяу бұрқасын, тұман және екпіні күшті желге байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан