Синоптиктер 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның науқаны мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан ауа райы әлі де тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қаз
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -17-19°С, күндіз -7-9°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз +4+6°C.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан шығысқа бұрылатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +8+10°C.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!