Түлкібас ауданының Еңбек ауылы салауатты өмір салтын ұстанып, ішімдіктен толық бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
131 үйі, мыңнан аса тұрғыны бар елдімекенде кейінгі 3 жылда алкоголь мүлдем сатылмайды, ал кейінгі екі жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту - ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған. Мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде "Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі" атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде.
Еңбек ауылының учаскелік полиция инспекторы Ерсейт Молдақұловтың айтуынша, ішімдік - қылмыс пен тұрмыстық жанжалдың негізгі себептері. Сондықтан ауылдың бұл бастамасы - құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді жобалардың бірі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz