Дүниеге егіздің келуі - екі есе бақыт деген сөз бар, ол сондай-ақ сәбилерге күтім жасаудың екі есе қиындығы. Кей әйелдер дүниеге егіз әкелгенді армандаса, кейбіреулері одан аздап қорқады. Егер бұрын тұқымда егіз болмаған болса, әйел егіз көтеруі мүмкін бе?
"Бірнеше жүктілікке отбасылық бейімділік бар деп саналады. Бірақ сіздің отбасыңызда ешқашан егіздер болмаса да бұл сіз бірінші болмайсыз деген сөз емес", — деді акушер-гинеколог Кэтрин Хиврич.
Әйелдің ағзасында екі немесе одан да көп ұрық дамитын жүктілікті көпұрықты деп атайды. Мұндай жағдайлардың саны соңғы онжылдықтарда өсті.
Егіздер әлемнің аймағына, халықтың басым нәсіліне, ЭКҰ (ЭКО) әдістерінің таралуына байланысты 1000 туылудың 3-40 жағдайында дүниеге келеді.
Егіздерге жүкті болу ықтималдығы әйелдің жасына байланысты: әйел неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жоғары болады. 20-24 жастағы әйелдерде 2 пайыз, ал 45 жастан кейін - 20 пайыз. 30-40 жастан кейін әйел ағзасында әйел жыныстық гормоны эстроген көбірек өндіріледі, яғни овуляция кезінде бір емес, екі аналық жасуша шығуы мүмкін.
Тұқым қуалаушылық та әсер етеді: егер әйелдің отбасында егіздер дүниеге келген болса, онда оның бір уақытта екі бала туу мүмкіндігі жоғары.
Көпұрықты жүктілік ұзақ уақыт контрацептивтерді ішіп, тоқтатқан кезде пайда болуы мүмкін..
Көпұрықты жүктілік жиілігі ЭКҰ таралуымен өсті. Жүктіліктің пайда болу мүмкіндігін арттыру үшін бірден бірнеше эмбрион отырғызылады, нәтижесінде екі, кейде үш нәресте дүниеге келеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!