Танымал имам Нұрлан ұстаз ораза ұстағандардың түкірік жұтып қоюына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имамның оқырмандарының бірі тікелей эфир барысында "Түкірік жұтуға бола ма?" деп сұраған.
"Түкірікті жұта бер, салауат", - деп жауап берді имам.
@baqytzhankyzy7 ???#нурланимам #нұрланұстаз #нурланмолда #рек ♬ оригинальный звук - Цветочек ?
Сонымен қатар, Нұрлан имам Instagram-парақшасында осы мәселені толық түсіндіріп кеткен. Оның айтуынша, ораза ұстағандардың арасында сілекейді жұтпай жүретіндер де бар.
"Бұл оқушыларда жиі кездеседі екен. Сабақта қағаздан құты секілді жасап, соның ішіне түкіріп жүрген адамдар бар. Ораза ұстаған адамда жиі сөл бөлінеді. Сондықтан қайта-қайта көрінген жерге түкіре беру - әдепсіздік. Дінімізде сілекейді жинап жұтуға болмайтыны айтылған. Бірақ өзінің сілекейі келгенде жұтылса ораза бұзылмайды", - деп түсіндірді имам.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имам оразаға дейін 40 күн ішімдік ішпей тазалануға қатысты сұраққа жауап берген болатын. Оның айтуынша, Оразаға дейін қырық күн бойы ішімдік ішпеу керек деген сөз - қате сөз. Оның Оразаға ешқандай қатысы жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!