“Түк естімейді, аппаратсыз жүре алмайды“. Қазақ радиосының үні Сауық Жақанованың қазіргі жағдайы айтылды

“Түк естімейді, аппаратсыз жүре алмайды“. Қазақ радиосының үні Сауық Жақанованың қазіргі жағдайы айтылды
Фото: qazaqstan.tv

Танымал журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ радиосының сандуғашы атанған Сауық Жақанованың жай-күйі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Былтыр 80 жасқа толған Сауық Жақанова апайымыз екі құлағын радиоға беріп, аппаратпен жүр. Бар өтінгені: "ауруханаға тіркелсем, емделуге қыруар ақша керек" деп шет жағасын айтты. Әрі-бері жүгіріп едім, қолымнан келмеді! Жерге кіріп кете жаздадым. Қайтейін?!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДАНА НҰРЖІГІТ (@dana_nurzhigit)

Кейінірек тележүргізуші диктордың қазіргі жағдайын ашық айтты.

"Меруерт апамызға арнап жазған постымның арасында атақты диктор Сауық Жақанованың да атын атап едім. Мына видеода Сауық апай Ақордада "Парасат" орденін алып тұрып, Президенттің "суретке түсейік" деген сөзін естімей қалғаны анық. Ол жай сасқалақтау емес! 80-нен асқан Сауық апай - Ә.Байжанбаевтың тікелей шәкірті. Радио ардагері екі құлағын радиоға беріп, бүгінде түк естімейді, аппаратсыз жүре алмайды. Қарағандыда, туған жерінде, былтыр жеке шығармашылық кеші өтті. Мен сол ортаға арнайы бардым. Қолына ұстаған микрофоны құлағындағы аппаратпен жақындап кеткен сайын құрылғы шыңылдап кете берген соң апай аппаратты шешіп отыруға мәжбүр болды. Құлағы тас керең адамның жайы белгілі ғой, Сауық апай аңтарылған күйі сахнаға көтеріліп, өзіне тілек айтқан адамдарды бірін ернінен, бірін ишаратынан түсініп, бір жерде күліп, бір жерде дауысын көтеріңкіреп, шама шарқынша сахна мәдениетін сақтап отырды. Жүрегім ауырды әлгіні көріп. Апайдың мәдениеттілігіне, ұстамдылығына таңдандым", - деді Дана Нұржігіт.

Айта кетейік, Сауық Жақанова - атақты диктор, филолог, доцент, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері.  

Ол 1966-2002 жылдары Қазақ радиосының дикторы болған. Осылайша 40 жылдан аса уақыт бойы Қазақ радиосының "үні" атанған. Қазақ радиосының Алтын қорындағы әдеби-сазды хабарлардың 80 пайызы Сауық Жақанованың дауысымен жазылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget