Шымкентте туғанына бір күн болған сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қалалық перинаталды орталығында жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды. Қалалық перзентханадан орталықтың жансақтау және қарқынды терапия бөліміне 3600 грамм салмақпен дүниеге келген бала жеткізілді.
Кеңірдегінде ақауымен туған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы, яғни кеңірдек-өңеш жыланкөз" диагнозы қойылған. Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлері сәбиге кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия отасын жасады.
Баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.
Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта бүгінге дейін ішкі ағзаларының ақауымен туған 40-тан аса сәбиге күрделі ота жасалды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда алты бақайы бар он жастағы қызға ота жасалғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!