- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Туған қызың болмағасын...
"Туған қызың болмағасын түсінуі қиын". Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімовамен қарым-қатынасы туралы айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерімен қарым-қатынасы туралы "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, үлкен келіні Жұлдыз 19 жасында түскен.
"Келін келген кезде ешнәрсе білмей келеді. Үйрету - парызымыз. Алғашында қызықтар көп болды. Қонақта отырғанда "бірінші ет саламын ба?" деп хабарласатын. Қазір тамақты жақсы істейді. Бізде үй қызметшілері ауысып, басқасын тапқанша үзіліс болып қалады. Сол уақытта қиналып қалады", - деді ол.
Ол келіндерімен қарым-қатынасқа байланысты жазатын көпшіліктің ойымен келіспейтінін айтты.
"Ата-ана деген "қайтсем баламды бақытты етемін?" деп ойлайды ғой. Кейде маған "енесі күн бермей жатқан шығар" деп жазады. Сол кезде таңғаламын. Олар біздің отбасымен бірге өмір сүріп жатқан жоқ қой. Келіндермен қарым-қатынаста кейде соқыр, кейде керең боласың. Өзіңнің туған қызың болмағаннан кейін түсінулері қиын. Бірақ соны түсіндіргіміз келеді. Оны түсінетін келін болса, әрине...Бір жіберіп, бір тартып отырасың. Шыдайтын келін болса шыдайды, шыдамайтыны болса өмірімнен жібере салайыншы дейсің. Өздерінің білетін кезі жетті. Айтқаныңа көнетін келін болса ақылыңды айтасың, айтқаныңа көнбесе "стоп" қоясың да өз білгеніңмен жүрсін дейсің. Келінмен ұрсып, енелер абырой таппайды", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы