Туған күнінде теңізде жоғалып кеткен: Ақтауда 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Туған күнінде теңізде жоғалып кеткен: Ақтауда 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр
Фото: lada.kz

Ақтау маңында жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 18 жастағы жігіт туған күнінде жоғалып кеткен. Оқиға 7 шілдеде болған. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Бұл жұмысқа 32 қызметкер, соның ішінде жедел құтқару жасағының 11 адамы, 4 техника, 3 жүзу құралы, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, операцияға Әскери-теңіз күштерінің 5 сүңгуірі, бір техникасы, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметінің 5 сүңгуірі, бір техникасы тартылған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 53 адам қатысып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget