- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- министр шыңғыс әрінов төтенше жағдай министрлігі жемқорлық
“Туған күнге де ақша жинамаймыз“. Министр Шыңғыс Әрінов
ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов ведомствоның жемқорлыққа қарсы шаралары қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтің ТЖМ-ның тақырыптық отырысында қойған сауалына берген жауабында баяндады. Депутат Әріновтен жемқорлыққа қарсы қандай шаралар атқарылып жатқаны жайлы сұрады.
"Жемқорлыққа қарсы күрес баяндамамда айтылғандай, қарқынды жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз сөйлесіп те жатқан шығарсыздар, ешқандай министрліктен де, территориалдық департамент басшылар жақтан да қаражат жинау деген нәрселер болып жатқан жоқ. Ешқандай іс-шараларға қаражат жиналмайды. Тіпті туған күнге де ақша жинамаймыз. Біреуге бірдеңе істеу керек, ақша жинау керек деген әңгімелер қазір жоқ. Кімге болсын, жемқорлыққа жол бермеуге жүз пайыз құқылымыз және соны талап етеміз", - деді ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр биыл болған елдегі су тасқынына алдыңғы департаменттің салғырттығын айыптап, алдағы уақытта өз міндетін дұрыс атқармағандарға жаза тағайындалатынын ескерткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин