- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Туған анам тірі...
Туған анам тірі болса да, мені басқа әйел өсірді - Сабыркүл Асанова
"Сымбат" сән бизнесі академиясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыркүл Асанова "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында отбасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сабыркүл Асанова өзінің екі әке-шешесі бар екенін айтты.
"Менің екі әке-шешем бар: туған әке-шешем және асыраған әке-шешем. Аталас інілері жетім болған. Мені өсірген анамның өзінің отбасы болған. 33-жылдары жұт болды, оларды айдады. Байдың қызы, оқыған қыз. 9 баласы болған. 8 баласы, күйеуі қырылып қалған да, 1-ақ ұлы қалған. Ол ұлының аты - Сабырхан. Менің туған әкем мен анам "Жайлаубекке осы әйелді алып берейік, ол оны адам қылады" деген. Себебі ол анам Жайлаубек ағамнан 12 жас үлкен болды. Сөйтіп алып береді. Соғыс басталған уақытта мені өсірген Разия анамның жалғыз баласы 16 жасқа келіп, сұранып, соғысқа кетеді де, сол жерде жоқ болып кетеді. Сол уақытта мен өмірге келгенмін. Мен 6 ай болғанда әке-шешем мені бауырына салсын деп оған берген.
Менің туған анам 13 бала дүниеге әкелген. Содан бесеуміз-ақ тірі қалғанбыз. Содан мені береді. Мен 3-4 жасқа келгенде Разия апам Жайлаубек ағама "сен тұқымсыз қалма, маған қарама" деп, оған әйел алып береді. Сол әйелден 3-4 бала бар. Сол әйелден қазір 1 қыз, 1 ұл бар. Ол менің інім мен сіңілім. Ал үлкендерден бесеу болғанбыз, қазір екеу қалдық", - дейді Сабыркүл Асанова.
Сабыркүл Асанова туған анасы жайлы 20 жасқа таяғанда білгенін айтты.
А. Жапатова"Өзімнің туған анам жайлы 20 жасқа келгенде білдім. Екі анам ұрысып қалды. Туған анам келді де, қызымды алып кетемін деп мені жетектеп кетті. Мен жылап, ештеңе түсінбедім. Түнімен жылағасын туған әкем "ана қызды жібер, обалына қалма, ол саған көнбейді" деді. Шынымен ана анама кетіп қалдым. Сенбедім. Әке-шешем бар, мен оларды жақсы көремін.
Әке-шешеме ренішім болды, ұрыстым. Ол кезде жаспын ғой. Кейін 40 жасқа келіп қалғанда мойындадым", - дейді ол.