"Тату тәтті" жобасының қатысушылары Жәния және Сәбира Нақысбековалар негізі - ене мен келін. Күйеуімен ажырасып кеткеніне қарамастан, енесімен әлі де жақсы қарым-қатынаста қалған келін Сәбира Нақысбекова "1001 түн" телебағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы енесін "туған анасындай" көретінін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейіпкердің айтуынша, ол енесімен 13 жыл бір шаңырақ астында тұрған, осы уақыт аралығында енесі "мамасы" секілді болып кетіпті.
"Қазір енеммен бірге тұрмаймыз. Мен күйеуіммен ажырасқаныммен, енеммен ажырасқан жоқпын. Өйткені менің енем туған анам секілді болып кеткен. Мен туған анаммен 20 жылдай бірге тұрдым. Ол кісі маған тәрбие берді. Содан кейін тұрмысқа шығып, енеммен 13 жыл бір шаңырақ астында тұрдық. Мен тұрмыста 16 жыл болдым, осы уақыт аралығында енем "мамам" секілді болып кеткен, сондықтан мен оны анам деп білемін.
Біздің қарым-қатынасымыздың осылай нығайып, жақсы болғанына бірінші кезекті енемнің ақылы себеп деп ойлаймын. Себебі ол өте ерекше адам, саналы ене", - деді Сәбира Нақысбекова.
Келін мен ененің мұндай жылы қарым-қатынасына Желі қолданушылар тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Менің де енем осындай болса екен", "Қандай керемет", "Сіздерді қатты жақсы көремін", "Бәріміздің енеміз осындай болсын", "Сіздерге қарап тамсанамын", "Екеуіңіз де сондай сүйкімдісіздер, шын айтамын, мейірім шашып тұрсыздар", "Алтын ене", "Енесі жақсы кісі болып тұр ғой. Жарайсың үлкенді сыйласаң жаман болмайсың, ақылды келіншек екен. Ерден кетсең де, елден кетпейсің деген", - деп жазды олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілік кезінде неше рет УЗИ жасатуға болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!