Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңілі полицияның қорғауына алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 мамырда 2001 жылғы Ц. мен 2003 жылғы Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасына ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс тіркелген.
"Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жәбірленушілердің әкесі саналатын 57 жастағы күдікті Ц. анықталды", - делінген хабарламада.
Тиісті сараптама тағайындалған. Жәбірленуші қыздар соталды тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ер адам екі қызын зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!