Былтыр маусымда Маңғыстау тұрғыны мас күйінде әкесімен жанжалдасып, өлтірген. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушы Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот 2023 жылы 25 маусымда сағат 23:30 шамасында мас күйде болған сотталушы мен оның әкесінің арасында алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырған кезде жанжал болғанын анықтады, сотталушы Б. алдымен шыны стақанмен әкесінің бетін ұрып, содан кейін дененің басқа бөліктерін де соққыға жыққан. Осыдан кейін үйдің есігін сыртынан жауып, оқиға орнынан қашып кетті.
Салдарынан жәбірленуші Е. алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
"Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. кінәлі деп танылды. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шашыратқыш линзадан нәрсеге дейінгі қашықтық 30 см, ал алынған кескін линзадан 20 см қашықтықта болса, линзаның фокус аралығы қандай?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!