- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Туған ағасы мен...
"Туған ағасы мен жиені бар"."Әскери құрылыс" басшылығы 596 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е.Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты соталды тергеуді аяқтады.
11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ, Тәжиденовтың қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар.
Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Залалдың жалпы сомасы - 596 миллион теңге.
Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.
Қазір айыпталушылар сотқа берілді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек