Түгі қалмай жанып кеткен: Степногорск қаласында қоғамдық көлік өртенді

Түгі қалмай жанып кеткен: Степногорск қаласында қоғамдық көлік өртенді
Фото: Видео кадры

Степногорск қаласында автобус өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 13 тамызда болған. Өрттің аумағы 10 шаршы метрге жеткен. Автобус салонынан 10 адам өздігінен эвакуацияланған.

"Өрт автобус салонына тез тараған. Газ баллон жабдығы жағдайды қиындатты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар газ баллонды салқындатып, өртті жедел сөндірді және жағдай одан әрі өршуіне жол бермеді", - деді ТЖД өкілдері.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget