Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы
Тәуелсіздік күні мерекесінде әлеуметтік желі қолданушылары туға көлік безендірген жүргізушілердің жол полициясы қызметкерлері тарапынан тоқтатылғаны туралы айтып жазған.
Ішкі істер министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған еді.
Олар мемлекеттік туды көлікке ілу заң бұзу емесін айтып өтті.
"Кейбір қазақстандықтар мерекелік шаралар кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқаларға кедергі келтіріп, көшелерді жауып тастаған", - делінген жауапта.
Сонымен қатар, ІІМ көліктерді заңсыз тоқтату дерегі тексерілетінін және кінәлі полицейлердің жазаланатынын айтты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай?
Министрлік мемлекеттік туы көлікте орналастыру әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын растады.
"Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуға тиіс", - делінген жазбада.
Сондай-ақ, олар мемлекеттік символдарды қолдану Қазақстан заңдарымен реттелетінін және министрлік олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыратынын еске салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz