Туберкулездің жаңа штамы анықталғаны рас па?

Желіде Ұлыбританияда туберкулездің жаңа, қолдан жасалған және елге сырттан әкелінген штамының таралуы туралы ақпарат шықты. Оны жұқтырған әрбір үшінші адам қайтыс болады екен. Stopfake.kz ақпарат қаншалық шынайы екенін тексеріп көрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлыбританияда туберкулездің жаңа, синтетикалық штамы өршіп тұрғанына "дәлел" ретінде Желідегілер Daily Mirror газетінің 2023 жылғы 5 маусымдағы бірінші бетінің суретін келтіріп отыр. Тақырыпта ұлыбританиялық профессор вакцина жасау үшін жедел әрекет етуге шақырады, әйтпесе туберкулез жұқтыру жағдайларының саны COVID-19 көрсеткіштерінен асып түседі. Мұндай мұқаба бар және оны интернеттен табуға болады.

Мақаланы толық Daily Mirror сайтынан оқуға болады. Ол 2023 жылғы 4 маусымда, яғни басылымның баспа нұсқасы шыққанға бір күн қалғанда жарық көрді.

Мақалада Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Ұлыбританияда адамдар туберкулезбен жиі ауыратыны туралы жазылған. Жыл сайын елде 100 000 тұрғынға шаққанда 7,8 ауру жұқтыру жағдайы тіркеледі. Бұл ретте науқастардың үштен бірі туберкулездің кейбір түрлері дәрі-дәрмектерге төзімді болғандықтан көз жұмады. Туберкулезден қорғайтын БЦЖ вакцинаны салдыру Ұлыбританияда 2005 жылдан бері міндетті емес. Сондай-ақ, мақалада БЦЖ ауру жұқтырудан толық қорғай алмайтындығы атап өтілген. Сәби кезінде вакцина алған балаларда иммунитет тек жасөспірім кезге дейін сақталады, содан кейін вакцинаны қайта алу керек. Мақала кейіпкері, Кейптаунда туберкулезді зерттеумен айналысатын профессор Роберт Уилкинсон әлемді, соның ішінде Ұлыбританияны аурудан қорғаудың жалғыз жолы өмір бойы иммунитетті қамтамасыз ететін вакцина әзірлеу және оны міндетті ету деп санайды.

Мақалада Ұлыбританияда қолдан жасалған және елге әдейі сырттан әкелінген туберкулездің жаңа штамы анықталғаны туралы жазылмаған.

Демек, таралған ақпарат - фейк.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!